Accessibility links

Сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізбек


Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының сыртқы саяси мекемелері арасында саяси консультациялар өткізіледі, — деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал вьетнамдық делегацияны ВСР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нгуен Куок Кыонг басқаратын болады.

Аталған іс-шара шеңберінде екі жақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ ҚР мен ВСР арасындағы басқа да салалардағы өзара ықпалдастықты талқылау жоспарлануда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG