Accessibility links

Қырғызстандағы президент сайлауы 23 шілдеде өтуі мүмкін


Қырғызстандағы президент сайлауы биылғы жылдың 23 шілдесінде болуы мүмкін. Бұл туралы шешім Қырғызстан парламентінің заңнама жөніндегі комитетінің отырысында қабылданды. Аталған комитеттің төрағасы Зайнидин Құрмановтың айтуынша, «25 қазанда Құрманбек Бакиевтің өкілеттік мерзімі аяқталады, 23 шілдеде сайлау өткізу осыған байланысты болып отыр, өйткені барлық сайлау жұмыстарын қазан айына дейін өткізіп, жаңа сайланған перзидентті орнына отырғызу керек».

Қырғызстан Конституциялық кеңесі президент сайлауын биыл өткізу туралы шешім шығарған. Құрманбек Бакиев 2005 жылдың 10 шілдесі күні Қырғызстанның президенті болып сайланған. Осы жылдың 11 ақпаны күні өткен баспасөз мәслихатында ол Конституциялық кеңестің кез келген шешімімен келісетінін және жаңа мерзімге сайлауға түсетін ниеті барын айтқан.
XS
SM
MD
LG