Accessibility links

Қалалық мәслихаттың экс-кандидатына қатысты сот отырысы өтуде


Бүгін Әуезов аудандық № 2 сотында сағат 10.00-де Алматы қалалық мәслихат депутаттығына экс-кандидат Жанболат Мамайдың талап арызы бойынша №15 аймақтық сайлау комиссиясына қатысты сот тыңдауы болды. Экс-депутат Жанболат Мамайға мемлекеттен, аймақтық сайлау комиссиясынан зейнеткерлік қаражатын жасырды деген айып тағылып отыр, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ал Жанболат Мамайдың заңды өкілі Маржан Аспандиярова: «№15 аймақтық сайлау комиссиясының бұл әрекеті заңсыз. Сайлау комиссиясы осы жылдың 28 ақпаны күні Жанболат Мамайдың кандидаттыққа тіркелгендігін растайтын куәлік берген. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды. Ал сайлау заңы бойынша 3 күннің ішінде кандидаттың барлық құжаттары тексеріліп, оған қатысты заңсыздықтар анықталуы керек еді. Сондай-ақ, сайлау кезінде барлық мемлекеттік органдар бір-бірімен нақты, жедел ақпарат алмасып, сайлауға ешбір кедергісіз жұмыс жасауы керек деп көрсетілген. Алайда мұның ешқайсысы ескерілместен, оның депутаттыққа кандидаттығын алып тастады», — деді.

Аталған іс бойынша сот шешімі кешкі сағат 18.00-де шығарылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG