Accessibility links

Обаманың Иранға қатысты бейнетаспасы шықты


Президент Барак Обама Иранға қайырылып, бейнетаспа жариялады. Онда Обама АҚШ пен Иран арасындағы барлық мәселелерді көтеру үшін өз әкімшілігінің Теһранмен арада дипломатиялық байланыстарының “жаңадан басталуын” қалайтынын айтқан.

Иран мен басқа елдерде Наурыз мерекесі тойланып жатқан кезде жарияланған бұл бейнетаспада Обама АҚШ ұллтар қауымдастығында Иранның құқықтық орны болуын қалайды бірақ Теһран достық қарым-қатынастарға қол жеткізу бағытындағы өз бөлігін орындауы тиіс деп мәлімдеді. Обаманың бұл мәлімдемесі бұрынғы Буш әкімшілігінің саясатына қайшы келеді.

АҚШ пен Иран арасында шамамен 30 жыл бойына ресми дипломатиялық қарым-қатынастар болмаған. Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана Обаманың мәлімдемесі Иранмен арадағы байланыстардың “жаңа бабын” ашады деп үміттенетінін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG