Accessibility links

Прокуратура Әблязовқа ауыр айыптар тағып отыр


Қазақстан Бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовтың тікелей тапсырмасымен офшорлық құрылымдар құрылған деп айыптады. Осы құрылымдар арқылы БТА банкінен ірі қаржы шығарылған дейді прокуратура. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Бас прокуратураның мәлімдемесіне сәйкес, 2005 жылдан 2008 жылға дейін Әблязов пен оның тобы акционерлер мен банктің мыңдаған салымшыларының мүддесін ескерместен құпия түрде әлгі арнайы қазақстандық және офшорлық компаниялар арқылы банктің ірі көлемдегі қаржысын тонаған.

БТА банкінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалып, үкіметтің қарауына өткен банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетовтер жұмыстан босатылды, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын.
XS
SM
MD
LG