Accessibility links

Ауғанстанда 30 "бүлікші" өлтірілді


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде болған шайқаста ауған сарбаздары мен халықаралық күштер 30 бүлікшіні өлтірген. Бұл қақтығыстар бейсенбі күні Герешк ауданында орын алған.

Оның алдында дәл сол аймақта орын алған жарылыстан ауған депутаты Дад Мохаммад Хан мен 4 адам қаза тапқан болатын. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG