Accessibility links

"Әблязов ісіне" байланысты 20-ға жуық адам тұтқындалды


Азаттық радиосына мәлім болғанындай, кеше және бүгін елдің арнайы қызметтері бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовқа жақын болған 20-ға жуық адамды қамауға алған. Олардың басым бөлігі Алматыда тұтқындалған.

Интернеттегі Zonakz. net парақшасының хабарлауынша, соңғы екі күнде БТА банкіне қатысы бар компанияларда жұмыс істеген шамамен 15 адам қамауға алынған.

Мұхтар Әблязовтың өзіне жақын бір адамның Азаттық радиосына хабарлауынша, кеше 5 адам қамауға алынса, бүгін шамамен 15 кісі тұтқындалған. Оларға қандай айыптардың тағылып отырғандығы әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG