Accessibility links

Ауғанстанда бүгін 11 адам қаза болды


Ауғанстанда наурыздың 21-і күні екі бөлек бомбалық шабуылдан 11 адам қаза болды. Оның 5-еуі Наурыз мерекесін тойлап жатқан екен.

Бұдан бұрын шайқастар тізбегінен елде 70-тен аса адам қаза болған еді. Олардың 18 Ауған полициясы, төртеуі Канада жауынгерлері екен. Талибанмен шайқастар барысында, Ауған полициясының тоғызы Түркменстанмен шекарада, келесі тоғызы Фара аймағында қаза болған.
Ресмилердің айтуынша, бұл шығындар Қандағар қаласының сыртында, жұма күні болған қос бомбалық жарылыс кесірінен орын алған. Тағы бір ауған тәржімашы да көз жұмған екен.
XS
SM
MD
LG