Accessibility links

Ресей: ЕуроОдақ ықпал аймағын қалыптастырғысы келеді


Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, бұрынғы советтік 6 елге әріптестік шарттарын ұсыну арқылы, ЕуроОдақ ықпал аймағын қалыптастырғысы келеді деп айыптады. Бұл пікірін министр Брюсселдегі форум барысындағы баспасөз мәслихатында білдірді. ЕуроОдақ басшылары жұма күні Шығыстық әріптестік жоспарын қабылдаған болатын. Ол жоспар одақтың Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова және Украина елдеріне, бәлкім Беларусқа да көрсететін көмегін ұлғайтуына мүмкіндік береді. Ол көмек көлемі 600 миллион долларға көтерілуі мүмкін. Мамырдың 7-де ресми түрде басталатын бұл әріптестік ол 6 елде демократиялық реформалар мен экономикаларының көтерілуіне мүмкіндік бермекші.
XS
SM
MD
LG