Accessibility links

Қырғызстанда президенттік сайлау алды науқан басталды


Қырғызстандағы президенттік сайлауға үміткерлер үшін сайлау алды науқан наурыздың 21-де басталды. Бұл жөнінде Қырғыз Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Дәмір Лисовский жариялады. Президенттік сайлауы биылғы жылдың 23 шілдесінде болуы мүмкін. Бұл туралы шешім Қырғызстан парламентінің заңнама жөніндегі комитетінің отырысында қабылданды. Аталған комитеттің төрағасы Зайнидин Құрмановтың айтуынша, «25 қазанда Құрманбек Бакиевтің өкілеттік мерзімі аяқталады, 23 шілдеде сайлау өткізу осыған байланысты болып отыр, өйткені барлық сайлау жұмыстарын қазан айына дейін өткізіп, жаңа сайланған перзидентті орнына отырғызу керек».

Қырғызстан Конституциялық кеңесі президент сайлауын биыл өткізу туралы шешім шығарған.

Президент Құрманбек Бакиев сайлауға үміткер боп қатысатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG