Accessibility links

Пәкістан Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы осы қызметіне қайта оралды


Ифтихар Чаудри елге төтенше жағдай орнатқан президент Первез Мушарафтың билігі кезінде қызметінен қуылған болатын. Оппозициялық партиялар мен заңгер белсенділер Чаудридің өз қызметіне қайта оралуын және бұған орай тәуелсіз сот алқасының құрылуын талап етіп, осы айда жаппай шерулер тізбегін өткізген еді. Соның нәтижесінде Чаудри өз қызметіне ресми түрде қайта оралды. Ол наурыздың 22-де, алғашқы қызмет күнін сот алқасының бірнеше мүшелерін тағайындау мен алдағы күндерге тыңдаулар белгілеу арқылы бастады.

Ал, 2007 жылы Жоғарғы соттың төрағасы қызметіне келген Абдул Хамид Догар наурыздың 21-де зейнет демалысына шықты.

Пәкістан үкіметі осындай ауыс-түйістің болатынына өткен аптада уәде берген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG