Accessibility links

Пәкістан үкімет басшысы мен оппозиция басшысы кездеседі


Пәкістан үкімет басшысы Юсуф Раза Гилани наурыздың 22-де оппозиция басшысы, бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шарифпен кездесетін болады. Кездесудің басты тақырыбы-елдегі ауқымды саяси дағдарысқа нүкте қою мақсатында, өзара тіл табысу жолдарын талқылау. Наваз Шариф өкілінің айтуынша, олар конституцияға ұсынылып отырған өзгерту-ұсыныстарды және үкімет пен оппозиция арасындағы болашақ қарым-қатынастар жайын талқылайтын болады. Конституцияға ұсынылған ол өзгерту-ұсыныстар таласқа толы болуда.
XS
SM
MD
LG