Accessibility links

Пәкістан үкімет басшысы оппозиция басшысымен жүздесті


Пәкістан үкімет басшысы Юсуф Раза Гилани наурыздың 22-де оппозиция басшысы, бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шарифпен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы-елдегі ауқымды саяси дағдарысқа нүкте қою мақсатында, өзара тіл табысу, татуласу жолдарын талқылау болды. Алайда тараптар арасында бұған орай нақты келісімшарттар қабылдана қойған жоқ. Наваз Шариф өкілінің айтуынша, олар конституцияға ұсынылып отырған өзгерту-ұсыныстарды және үкімет пен оппозиция арасындағы болашақ қарым-қатынастар жайын талқылайды. Конституцияға ұсынылған ол өзгерту-ұсыныстар қайшылыққа толы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG