Accessibility links

Киев пен Брюссель “газ дауын” қайта болдырмауды көздейді


Украина мен Еуропа Одағының басшылары Украинадағы газ тасымалдау жүйесін жетілдіруге халықаралық инвестиция тарту мәселесін талқылау үшін бүгін кездесуге тиіс. Брюссельдегі бұл кездесуге Ресей мен Украина арасындағы қаңтар айында болған “газ дауы” себеп болды. Ресей Украина арқылы өтетін газ тасымалын 2 апта бойы күрт доғарып, соның салдарынан Еуропа газ дағдарысын бастан кешті. ЕуроОдақ таратқан мәлімдемеге қарағанда, алдағы 10 жылда Украинаның газ тасымалдау инфрақұрылымының сенімді әрі екпінді жұмыс істеуіне кепілдік беретін реформаны талдайды.
XS
SM
MD
LG