Accessibility links

Ауғанстанда тағы 2 шетелдік жауынгер қаза тапты


Өткен тәуліктің ішінде Ауғанстанда халықаралық күштердің 2 жауынгері құрбан болды. Коалициялық күштер басшылығының хабарлауынша, содырлармен арадағы шайқас Ауғанстанның оңтүстігінде болды. Жауынгерлердің бірі шайқас болған жерде көз жұмса, екіншісі алған ауыр жарақатынан кешірек мерт болды.
Коалициялық күштердің басшылығы, сонымен қатар, өткен жұма күні Кандагардағы әскери әуе базасының зымырандармен атқыланғанын хабарлады. Одан 1 бейбіт қызметкер қаза болып, 6 кісі жараланған. Шабуылдың ізінше 5 содыр қолға түсті.
XS
SM
MD
LG