Accessibility links

Македониядағы президент сайлауының екінші туры 5 сәуірде өтеді


Македониядағы президент сайлауында билік басындағы оңшыл-центристік коалицияның үміткері Георгий Иванов көш басында келеді. Бастапқы мәліметке қарағанда, жексенбі күні болып өткен сайлауда Г.Ивановты сайлаушылардың 38 пайызы қолдап дауыс берген. Оның басты бақталасы, оппозициядағы социал-демократиялық партияның үміткері Любомир Фрчковскийді сайлаушылардың 18 пайыздан астамы қолдаған. Сайлау комиссиясының дерегі бойынша, дауыс берудің барысында айтарлықтай заңсыздық немесе күтпеген оқиға байқалмады. Сайлаудың екінші туры 5 сәуірде өтуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG