Accessibility links

Грузин президенті кешегі одақтастарын қудалауда


“Азаттық” радиосына Грузия парламентінің бұрынғы төрайымы Нино Бурджанадзе бастаған “Біртұтас Грузия жолындағы демократиялық қозғалыс” партиясы көсемдерінің бірі Георгий Кобаладзе хабарлағандай, өткен түнде ішкі істер министрлігі “заңсыз қару сақтады” деген күдікпен елдің үш аймағында партияның бірнеше белсендісін тұтқындады. “Партияның 5 мүшесі, оның ішінде Аджар аймақтық бөлімінің жетекшісі тұтқындалды. Біздің білетініміз, оларға заңсыз қару ұстады деген айып тағылды” –деп мәлімдеді Кобаладзе.
Нино Бурджанадзенің өзі партия кеңселеріне қаруды полицияның өзі астыртын жасырды деп есептеп, ресми биліктің саяси қарсыластарын қудалауына байланысты халықаралық қауымдастыққа арызданбақшы. Грузин оппозициясы 9 сәуірде жаппай наразылық шеруін өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG