Accessibility links

Б.Обама Ауғанстанда жаңа стратегияны қолданбақшы


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы АҚШ бастаған миссияны аяқтау үшін АҚШ-тың “әскерді шығару стратегиясы” болуға тиіс деп мәлімдеді.
АҚШ телеарнасының “60 минут” бағдарламасына берген сұхбатында Б.Обама Ауғанстандағы соғысты жалғыз әскери күш жеңіспен аяқтай алмайды деп ескертті. Оның сөзіне қарағанда, өзінің үкіметі ауған-пәкістан аумағында барлық мүмкін стратегияны жүзеге асыруға тырысады және ол стратегия “әскерді шығару” жоспарын да қамтуға тиіс. Б.Обаманың мәлімдеуінше, АҚШ-тың Ауғанстандағы ең басты мақсаты – “Әл-Қаида” ұйымының АҚШ-қа немесе оның одақтастарына қарсы шабуыл жасай алмайтынына көз жеткізу және осы мақсатына жету үшін Ауғанстан экономикасы өркендеуге тиіс, Пәкістандағы дипломатиялық іс-қимыл жақсаруға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG