Accessibility links

АҚШ үкіметі банктерді құтқару жоспарын жариялады


АҚШ-тың қаржы министрлігі банктердің қазіргі дағдарысына себеп болып отырған өлі активтерін сатып алуды көздейтін жоспарын жариялады. “Қоғамдық-жеке инвестициялық бағдарлама” деп аталатын жоспарға сәйкес, жеке адамдардың жарты триллион долларға жуық капиталын тарту үшін АҚШ үкіметі шамамен 100 млрд. доллар қаржы бөледі.
АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гайтнер мәлімдегендей, бұл шара банктердің өлі активтерінен құтылып, экономикаға жан бітіру үшін олардың қайта несие бере бастауына көмектеседі.
Осы хабар шығысымен Еуропа мен Азияның қор биржаларында баға өсе бастады.
XS
SM
MD
LG