Accessibility links

Серік Бүркітбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды


Ақмола әскери соты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының экс-президенті Серік Бүркітбаевты айыпты деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сейсенбі күні осы оқиғаға байланысты Азаттық радиосына берген түсініктемесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мұны растады.
"Серік Бүркітбаевпен бірге тағы да сегіз адам сотталды, әзірше айтарым осы ғана. Алдағы уақытта бұл туралы толық ақпаратты соттың өзі тарататын шығар", -деді ол.

Алайда Кенжеболат Бекназаров Серік Бүркітбаевтан басқа жауапқа тартылған сегіз адам туралы қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG