Accessibility links

Өткен жылы өлім жазасына кесу 90 пайызға өскен


Amnesty International ұйымының айтуынша, 2008 жылы әлемде өлім жазасын орындау 90 пайызға өсіп, саны 2390-ға дейін жеткен. Соңғы деректерге қарағанда, Қытай өткен жылы өлім жазасы үкімінің 72 процентін іске асырса, Иран кемінде 346 адамды дарға асқан.
Адам құқын қорғаушы топтар өлім жазасы үкіміне Өзбекстан мораторий жарияланған кейін, Орталық Азияда бұл жаза қолданылмай келеді деп отыр.
Ал бұрынғы Совет елдері және еуропалық мемлекеттердің ішінде жалғыз Белорусия 2008 жылы 4 өлім жазасы үкімін орындаған.
Amnesty International адам құқын қорғаушы ұйымның дерегіне қарағанда, АҚШ-та өлім жазасына кесу 1994 жылмен салыстырғанда азайып, десе де өткен жылы 37 адам осындай сот үкімімен өлтірілген.
XS
SM
MD
LG