Accessibility links

Ирақтағы күрд көтерілісшілері шабуылды тоқтатудан бас тартты


Күрд көтерілісшілері Ирақ президентінің Түркияға қарсы шабуылды тоқтатып, Ирақ аймағынан кетуге шақырғанын қабылдамады. Күрдістан жұмысшылар партиясының өкілі Ахмед Деніз Ирақ президенті Жалал Талабанидің мұндай мәлімдеме жасау құқы жоқ деп айтты. Оның айтуынша, күрдтердің партиясы оның айтқанын қабылдамайды.
Ирақ президенті Жалал Талабанидің өз елінде сапармен жүрген Түркия президентімен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Күрд жұмысшылар партиясын аймақтан кетіру Ирақтың мүддесіндегі мәселе деп айтқанынан соң, Күрд жұмысшылар партиясының бұл мәлімдемесі айтылып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG