Accessibility links

Грузия оппозиция мүшелерін қаруға қатысты айыптауда


Грузия полициясы бірнеше оппозиция мүшелерін заңсыз қару-жарақ иеленген деп айыптап, парламенттегі оппозициялық партия өкілдері болса оған жан-жақты тергеу жүргізуге шақырды.
Грузияның Ішкі істер министрі хабарлағандай, полиция автомат қаруын сатып алған деген айыппен 12 адамды қамауға алған. Оның қатарында бұрынғы спикер Нино Бурджанадзе жетекшілік ететін Демократиялық қозғалыс-Бірыңғай Грузия партиясының бірқатар өкілі бар.
Бурджанадзенің сөзіне қарағанда, қамалғандардың ішінде партияның Аджарадағы аймақтық жетекшісі мен оның көлік жүргізушісі болған.
Демократиялық қозғалыс-Бірыңғай Грузия партиясы да сәуірдің 9-да президент Михаил Саакашвилиді биліктен кетуге шақырған бірқатар наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап жүрген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG