Accessibility links

Бақылаушылар: Македония сайлауы талапқа сай өтті


Еуропалық сайлау бақылаушыларының айтуынша, Македониядағы президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі негізінен халықаралық талаптарға сай өтті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жексенбі күнгі Македониядағы дауыс берулер жақсы өткізіліп, төтенше жағдайсыз болды деп отыр. Бірақ дауыс санау кезінде процессуалды қателіктер болды делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Македониядағы президенттік сайлауда билік партиясының кандидаты Георгий Иванов 35 процент дауыспен басты қарсыласы оппозициялық кандидат Любомир Фрчковскийден алда келеді. Сайлаудың екінші сатысы сәуірдің 5-де өтеді.
XS
SM
MD
LG