Accessibility links

Гайтнер қаржы компанияларын бақылауға өкілеттік сұрады


Бүгін АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гайтнер Конгресті елдегі қаржы жүйесі мен экономикаға қауіп төндіруі мүмкін қаржылық компаниялардың жұмысын реттеуге жол ашатын жоспарды мақұлдауға шақырды.
Қаржы министрінің айтуынша, оған банктерге бақылауды алып, олардың дефицит активтерін қабылдап, жақсыларын бәсекелестерге сату үшін өкілеттік қажет.
Гайтнермен бірге Конгресте есеп берген АҚШ-тың Орталық банкінің басшысы Бен Бернанке үкіметтің проблемаға тап болған AIG сақтандыру компаниясына қолдауы- қаржылық компаниялардағы осындай мәселеге бақылаудың қырағы болғанын қажет етеді деді.
AIG компаниясы үкіметтен қаржылай қолдау алған соң, 165 млн доллар ақшаны қызметкерлеріне бонус ретінде төлегені қоғамда үлкен наразылықтар тудырған.
XS
SM
MD
LG