Accessibility links

Түркия президенті күрд жетекшілерімен кездесті


Түркия президенті Абдулла Гүл Ирақтағы күрд жетекшілерімен келіссөз өткізді. Сейсенбі күні Бағдадта ол Ирақтың автономиялық Күрдістан аймағының премьері Нечирван Барзанимен кездесті.

Абдулла Гүл Барзаниді Ирақ жерін пайдаланып Түркияға шабуыл жасайтын күрд көтерілісшілеріне қарсы нақты ұстанымда болуға шақырды. Барзанидің мәлімдеуінше, Ирақтың солтүстігі Түркияға шабуылдарды ұйымдастыру үшін пайдаланылмайтын болады.

Гул соңғы 33 жылда Ираққа сапар жасап отырған алғашқы Түркия мемлекет басшысы. Сонымен қатар, бұған дейін түрік жетекшілері мен Ирақтың Күрдістан үкіметі арасында ешқашан ресми кездесулер болмаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG