Accessibility links

Мәскеуде Ауғанстан мәселесі қаралады


Ертең Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Ауғанстанға қатысты арнайы конференция өтеді.

Конференцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің, ұйымдағы бақылаушы мемлекеттердің, Ауғанстан, Түркіменстан, Түркияның және «Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы саяси мекемелерінің басшылары мен БҰҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, НАТО және басқа да халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері қатысады.

Аталмыш шараға қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев басқарып бармақ.

Конференцияның қорытындысы бойынша ШЫҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы конференцияның декларациясы, ШЫҰ-Ауғанстан Байланыс тобына кіретін елдердің терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мәселелері жөніндегі мәлімдемесі және ШЫҰ-Ауғанстан Байланыс тобына кіретін мемлекеттердің іс-шаралар жоспары қабылданбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG