Accessibility links

Астанада Азиялық саяси партиялардың жиыны өтеді


Ертең Астанада Азиялық саяси партиялардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы тұрақты комитетінің отырысы өтеді.

Саяси партиялар арасындағы байланыстарды тереңдету арқылы Азиялық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, өзара түсінушілік және сенімділікті дамытуды мақсат тұтқан шараның ашылуында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаевтың баяндамасы тыңдалатын болады.

Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы — құрамына 45 мемлекеттің 245 партиясы кіретін Азия, Австралия және Мұхиттық елдердегі саяси партиялардың өкілдік форумы болып табылады.
XS
SM
MD
LG