Accessibility links

Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі тағайындалды


ҚР үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №369-қаулысымен экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Т. Сүлейменов 1978 жылы туған, 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің экономика факультетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» стипендиясы бойынша Мериленд университетінде «Қаржыгер» мамандығы бойынша бизнес магистрі дәрежесін алған.

«Құқықтық ілім» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімі бар Т. Сүлейменов еңбек жолын Алматы қаласындағы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясында бас кеңесші болудан бастаған. Соңғы кезде «ҚазМұнайГаз» АҚ-да салықты жоспарлау департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG