Accessibility links

Оппозиция жетекшісі судьяға сенімсіздік білдірді


Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында таңертеңгі сағат 10-да басталған кезекті сот отырысында жауапқа тартылып жатқан оппозиция қайраткерлері сот төрешісі Райхан Әшкееваның сот процесін заң бойынша, айыпкерлерге сөз беруден емес, прокурордан бастауын заңға қайшы әрекет деп бағалап, наразылық ретінде сот залын тастап шықты, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұл мәселе туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов:

«Әшкеева заңды бұзды. Ол бізден өтініштің бар-жоғын сұрауы керек еді. Өткен сот отырысында берілген өтінішке қол қойылған, сол бойынша әлі соттың шешімі жоқ. Біз оны қайта тергеуге жіберейік дегенбіз. Осы өтініштің мәселесін шешпестен, сот төрешісі прокурорға сөз берді. Сот отырысының бүгінгі міндеті Павлодардан келген жеті куәгерден жауап алу екен. Бұл жерде куәгерден гөрі бізді тыңдау маңызды, әрі заңды болып саналады. Бұлай болмай, заңды өрескел бұзғандықтан, біз сот залын тастап кетуге мәжбүр болдық», — деді.

Бүгінгі сот ісінде сағат 14-ке дейін үзіліс жарияланды.
XS
SM
MD
LG