Accessibility links

Алматыда биыл 23,1 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда


Бүгін Алматының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы «Еңбек биржасы» қазыналық мемлекеттік кәсіпорнында болды. Мұнда ол кәсіпорынның жұмыс барысымен, қалалықтардың жұмыспен қамтылуымен және 2007 жылдан бері қалада жұмыс істеп келе жатқан «Сислаб» Қазақстан – норвегтік жобасымен танысты, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Дағдарысқа қарсы қалалық бағдарламаға сәйкес, «Алматы қаласы бойынша Жол Картасын» жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 13,4 млрд теңге бөлініп, 4,1 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.

Дағдарысқа қарсы қалалық бағдарлама мен «Алматы қаласы бойынша Жол Картасын» жүзеге асыруға жалпы саны 23,1 мың адам қатысады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG