Accessibility links

АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіру ойластырылуда


Ресей қос ел арасындағы қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіру туралы Вашингтон шақыруын қолдайды. Бұл жөнінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров “Financial Times” газетіне берген сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ НАТО-ның бұрынғы Совет елдеріне қарай кеңеюіне Ресейдің қарсылығын тағы да қайталады. Сонымен бірге Лавров АҚШ президенті Барак Обаманың Иранға арнаған бейне жолдауын “өте оң қадам” деп бағалады.

Осыдан бір күн бұрын АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын жақсартуға күш салуға уәде берген болатын. Дей тұрғанмен, Обама мырза НАТО-ға мүше болғысы келетін елдердің тілегін қабылдауды қолдайтынын білдірді.
XS
SM
MD
LG