Accessibility links

Human Rights Watch: Израиль Газа аймағында ақ фосфор қолданды


Human Rights Watch ұйымының айтуынша, Израиль әскері халық тығыз орналасқан Газа аймағында ақ фосфор оғын бей-берекет пайдаланған. Мұның өзі соғыс қылмысы боп есептеледі. Нью-Иоркте орналасқан бұл ұйым өзінің жаңа баяндамасында Израиль мен Хамастың соғыс жағдайындағы ережелерді қаншалықты бұзғандарын зерттеуге БҰҰ-ын шақырды. Израиль мен Хамас арасында үш аптаға созылған соғыс болғаны белгілі.

Израиль әскері бұл айыптауды наурыздың 26-да жоққа шығарып, “ халықаралық заңдарға сай түтін оқтарын қолданғанбыз” деп отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG