Accessibility links

Иран елі Ауғанстан конференциясына қатысады


Иран елі Ауғанстанның болашағына арналған халықаралық конференцияға шақыруды қабыл алды. Ол конференция наурыздың 31-де, Гаагада өтетін болады. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен 80 –нен аса елдер делегаттары конференция жұмысына қатыспақшы.

АҚШ Мемлекттік хатшысы Хиллари Клинтон Еуропаға сапары кезінде Иранға шақыртуды жариялаған болатын. Мұның өзі Обама әкімшілігінің Иранмен диалогын бастағанының бір белгісі ретінде қабылдануда. Иран тарапы Ауғанстан дағдарысының шешілуіне мүдделі екендіктерін білдіріп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG