Accessibility links

Чехия үкімет басшысы Мирек Тополанектің үкіметі қызметінен кетті


Ел парламенті Мирек Тополанектің үкіметіне сейсенбіде сенімсіздік жариялаған болатын. Мұның өзі ресми Праганың ЕуроОдаққа төрағалығына да көлеңкесін түсіруде. Келесі премьердің кім болатынын президент Вацлав Клаус анықтайтын болады. Тополанек кабинеті жаңа үкімет белгілі болғанға дейін қызметін жалғастыра бермекші. Жаңа үкімет құрудың үш кезеңі жеміссіз аяқталса, ерте сайлаулар шақырылатын болады. Бұл саяси дағдарыс АҚШ-тың Чех жерінде радар қондырғысын орнату келісіміне де кері әсерін тигізбекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG