Accessibility links

Бүгін халықаралық театр күні


Бұл күн 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының (МИТ) Венада өткен IX конгресінде белгіленген. 1962 жылдан бері аталған мереке жыл сайын тойланып келеді.

Азаттық тілшісіне Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драмалық театрының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұжымның жыл сайынғы дәстүрі бойынша, наурыз айының 24-нен бастап театрда «Ұлы мәртебелі Актер»» атты «Театр көктемі — 2009» фестивалі жүріп жатыр. Фестиваль барысында театрдың жаңа қойылымдары көрсетілуде.

Бүгін мерекеге байланысты фестивалдің соңғы қойылымында Т.Мәмесейіттің режиссер Ә.Рахимов сахналаған туындысы - «Бәкей қыз» трагедиясы көрсетіледі. Ертең «Театр көктемі-2009» фестивалінің қорытындысы шығарылып, жабылу салтанаты өтеді.
XS
SM
MD
LG