Accessibility links

«Саран» шахтасында жұмысшы қаза болды


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің «Саран» шахтасында жұмысшы қаза болды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, дайындық жұмыстарын жүргізу барысындағы өрлеу кезінде оқпанға құлап кеткен 22 жастағы дәнекерлеуші оқиға орнында көз жұмған.

Төтенше оқиғаны тексеру үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі директорының орынбасары Владимир Пфаргер қаза болған "жұмысшы қауіпсіздік ережесін сақтамағанын", яғни сақтандыру белбеуін тақпағанын айтты.
XS
SM
MD
LG