Accessibility links

Үкімет әлеуметтік төлемдерді көбейтуді ұсынды


ҚР үкіметі 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақының ең аз мөлшері мен зейнетақы деңгейін көтеру туралы ұсыныс жасады. Осыған байланысты «2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының түзетулері парламентке жіберілді, жобаның мәтінін экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Аталған заң жобасында 1 шілдеден бастап еңбекақының ең аз мөлшерін көтеру мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейін 13717 теңгеге, зейнетақы төлемдерін 5487 теңгеге арттыру қарастырылған.

Сондай-ақ екінші жартыжылдықтан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемін 1273 теңгеден 1296 теңгеге дейін көбейту ұсынылып отыр.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG