Accessibility links

Мұнай бағасы соңғы 4 айдағы ең жоғары деңгейіне жетті


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 26 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы соңғы 4 айдан бергі ең жоғары деңгейге дейін көтерілді. Мұнайдың бір баррелі үшін осындай жоғары баға 2008 жылдың 28 қарашасы күні болған. Бірақ сарапшылар мұнай бағасының бұл шегі уақытша болуы мүмкін деп отыр.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 53,46 доллар (+1,71); Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 54,34 доллар (+1,57) болды», — делінген агенттік хабарламасында.
XS
SM
MD
LG