Accessibility links

Алматы әкімшілігі «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырады


Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарын «Жер сағаты — 2009» ғаламдық акциясына қатысуға шақырады. Акцияға үн қосу үшін тұрғындар сенбі күні жергілікті сағат 20.30- да жарықты бір сағатқа сөндірулері тиіс.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аталған акция биыл әлемнің 80 еліндегі 1000 қалада өтпекші. Солардың қатарында бұл шараға Алматы қаласы да қатыспақ. Бірақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін қоғамдық нысандардың жарығы өшірілмейтін болды.

Алғаш рет бұл акция 2007 жылы наурызда Австралияның Сидней қаласында өткізілді. Биылғы қатысушылар арасында Мәскеу, Лондон, Бейжің, Лос-Анжелес, Рио-де-Жанейро, Гонконг, Дубай, Сингапур, Афины, Буэнос-Айрес, Лиссабон, Сан-Франциско, Осло, Рим, Торонто, Сидней, Мехико, Стамбул, Копенгаген, Манила, Лас-Вегас, Брюссель, Кейптаун, Хельсинки қалалары бар.
XS
SM
MD
LG