Accessibility links

Қырғызстан Манас әуе базасына қатысты ұстанымын өзгертпеген


Қырғызстан АҚШ әуе базасын жабу жөніндегі шешімін өзгертпеді және бұл мәселеге қатысты Вашингтонмен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы президент кеңсесінің баспасөз хатшысы Алмас Турдумамадов пен сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев мәлімдеді. Оның алдында АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілі Вашингтон мен Бішкек Манас әуе базасына қатысты келіссөздерін жалғастырмақшы деп хабарлаған болатын.

Өткен айда Қырғызстан Ауғанстандағы АҚШ күштерін жабдықтармен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын Манас әуе базасын жабу жөнінде шешім шығарған-ды.
XS
SM
MD
LG