Accessibility links

“Нұрлы көшпен” биыл тарихи отанына 20 мың отбасы оралады


Мемлекеттік “Нұрлы көш” бағдарламасы бойынша 50 мыңдай оралман қазақ жұмыспен қамтылады. Ол туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Біржан Нұрымбетов хабарлады.
“Нұрлы көш” бағдарламасының квотасы бойынша ата-баба жеріне оралатын 20 мың отбасының 50 мыңнан астам азаматын еңбекпен қамту қажет болады, деп мәлімдеді Б.Нұрымбетов.
Оған қоса министрліктің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова атап көрсеткендей, бағдарламаның аймақтық жобаларын – оралмандардың баспанамен, еңбекпен қамтамасыз етілуін облыс әкімдері өз қадағалауына алуға тиіс.
XS
SM
MD
LG