Accessibility links

Пәкістанда 50-дей кісі мерт болған қастандық іске асырылды


Пәкістан үкіметі 50-дей кісі қаза болып, тағы ондаған адам жараланған жұма күнгі қастандық шабуылды тергеу үстінде. Осы күні жанпидашыл-террорист Пәкістанның солтүстік-батысындағы Ауғанстан шекарасына жақын Джамруд қаласындағы мешіттің жанында өзін-өзі жарып жіберді. Бұл қастандықты жыл басынан бергі ең ірісі деп танып отыр.
Жорамал бойынша, экстремистер Ауғанстандағы коалициялық күштерге қажетті жүкті таситын автокөлік керуендеріне шабуыл жасайтын содырларға қарсы Пәкістан армиясының жүргізген операциясына осылайша есе қайтармақ болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG