Accessibility links

Халықаралық қаржы институты Тәжікстанға грант бөлді


Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржы дағдарысы мен реформаларды жүзеге асыру кезінде ұлттық экономиканы қалыпқа түсіру үшін Тәжікстанға 20 млн. доллар грант бөлінуін мақұлдады.
Жорамал бойынша, Тәжікстан экономикасының құлдырауы биыл 3 пайызға тең болады. Ресейде жұмыс істейтін тәжік азаматтарының елге ақша аударуы күрт қысқарды, мақта мен басқа да тауарлардың экспорты азайды.
Халықаралық қайта құру және даму банкі Тәжікстанға осымен үшінші рет грант бөліп отыр.
XS
SM
MD
LG