Accessibility links

АҚШ-қа қарсы Иран мен Венесуэла арасы жақындай түсті


Сыртқы істер министрі Манучер Моттақи бастаған Иран делегациясы Венесуэла президенті Уго Чавестің алдағы аптада Иранға келетін сапарының күн тәртібін пысықтау үшін Венесуэла астанасы – Каракаста жүр.
Жұма күні Моттақи Иран-Венесуэла ынтымақтастығының жобаларын талдау үшін осы елдің сыртқы істер министрі Николас Мадуромен көрісті.
Президенттер У.Чавес пен М.Ахмадинеджадтың тұсында соңғы жылдары Венесуэла мен Иранның қаржы мен өнеркәсіп және энергетика салаларындағы ынтымақтастығы арта түсті.
Иранның даулы ядролық бағдарламасы АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасын бұзса, керісінше ол бағдарламаны қолдайтын жалғыз ел –Венесуэламен арасы жақындай түсті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG