Accessibility links

Ақ үй мен Кремль ядролық қару келісімін ұзартуы мүмкін


Кремльдің мәлімдеуінше, алдағы аптада екі елдің президенттері Лондонда көріскенде, Ресей мен АҚШ стратегиялық қаруды қысқарту туралы екі жақты келісімді ұзарту үшін бір-біріне қарай қадам жасай алады.
Ресей президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Сергей Приходько мәлімдегендей, үлкен 20 мемлекет басшыларының 2 сәуірде Лондонда өтетін саммитінің барысында Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама “орыс-американ қарым-қатынасы және стратегиялық шабуыл қаруы туралы екі декларация қабылдайды”.
Ресей мен АҚШ-тың ядролық қаруын қысқарту туралы 1991 жылы қол қойылған келісім осы жылдың желтоқсанында күшін жояды.
Ресей-АҚШ қатынасы салқындаған соңғы жылдары осы келісімнің мерзімін ұзарту мүмкіндігі сөз болып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG