Accessibility links

Халықаралық ғарыш бекетінің ғарышкерлері ауысады


Халықаралық ғарыш бекетіне орыс-американ ғарышкерлерінің кезекті тобы мен бір АҚШ турисі ұшып жетті. Оларды ғарыш бекетіне алып ұшқан Ресейдің “Союз” ғарыш кемесі автоматикалық жүйенің істен шығуы салдарынан халықаралық бекетке қолмен тіркестірілді.
Жаңа ғарышкерлердің қатарында ресейлік Геннадий Падалка, америкалық астронавт Майкл Баррат бар. Олар бос кеңістікте жарты жылдай болады. Ғарыш турисі Чарльз Симони – жер маңайына екінші рет шығып отыр. Бұл жолы ол бірқатар ғылыми зерттеу жүргізіп, жерге 10 күннен кейін ғарыш бекетінің қазіргі ұжымы – Юрий Ланчаковпен және Майкл Финкпен бірге оралады.
XS
SM
MD
LG