Accessibility links

Лондонда “Үлкен 20” саммиті қарсаңында шеру өтті


Лондоннан жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, 150-ден астам қоғамдық ұйымның мыңдаған белсендісі қатысқан жаппай шеру болып өтті. Жұрт үлкен дамыған 20 мемлекет басшыларынан кедейшілікпен, жұмыссыздықпен, ғаламдық ауа райының құбылуымен және экономикалық дағдарыспен күресуге бағытталған шұғыл іс-қимылға кірісуді талап еткен плакаттар ұстап шықты.
Наразылық шеруі кезінде қауіпсіздіктің теңдессіз шарасы қабылданып, оны мыңдаған полиция қызметкері күзетіп жүрді. Ресми билік шеруге қосылған анархистер мен ғаламдануға қарсы ұйымның өкілдері тәртіп бұзып, вандализмге бара ма деп сескенді. Бірақ шеру тыныш өтті. Біреулер оны тіпті карнавал шеруіне теңеді. Шеруді ұйымдастырушылар оны Гайд-бағында митингімен аяқтауды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG