Accessibility links

Түрік премьері жергілікті сайлауда жеңіске жететін сияқты


Жексенбі күні Түркияда жергілікті билік сайлауы өтіп жатыр. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, Түркияның 81 өлке-аймағында билік басындағы исламшыл Әділдік және өркендеу партиясы айқын жеңіске жететін сыңай байқалады.
Сайлау алдында өткен пікірталастардың көпшілігінде, қалай дегенмен де, тұралап қалған экономикаға қалай жан бітіру керек деген мәселе көтерілді. Реджеп Тайып Эрдоганның үкіметі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде инвесторлардың сеніміне ие болу үшін бірнеше миллиард доллар несие алу мәселесі бойынша Халықаралық валюта қорымен келіссөз жүргізу үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG