Accessibility links

Чешенстанда содырлар мен Ресей армиясы қақтығысты


Чешенстанның Курчалой ауданында қарулы күштер мен содырлар қақтығысып қалды. Ресейдің құқық қорғау мекемелеріне сілтеме жасаған ресейлік баспасөз құралдарының хабарлауынша, содырлардың екеуі оққа ұшса, қарулы күштердің қатарында адам шығыны болмады. Олардың мәліметі бойынша, содырлардың тобында 15 кісі болды. Ахкинчу-Борзой елді-мекенінің маңындағы қақтығыс болған жерден қару-жарақ пен оқ-дәрі және дәрі-дәрмек табылды.
XS
SM
MD
LG